Технология • Бүгін, 14:18

14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды

Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты.

Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.

д

Сондай-ақ цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы ашылды.

о

Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55